Қазақстандағы Ұлыбританияның елшілігі Қазақстан және Біріккен Корольдік арасында жемісті ынтымақтастықты нығайту үшін жұмыс атқарады, сонымен қатар Қазақстанда британиялық мүдделерді ілгерілетуге ықпал етеді. Біз бұны әріптестік, ынтымақтастық және екі елдің игілігі үшін бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асырамыз.

Біз ортаазиялық өңірдегі стратегиялық әріптесіміз ретінде қарастыратын Қазақстанмен кең диалог құрдық. Бұл аядағы мүдделерге тиісті басқару тәжірибесі, демократияландыру, адам құқығы, инвестициялық климат, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық кіреді. Толығырақ ақпарат – біздің жаңалықтар бетінде.

Біздің қызметтеріміз

Визалар

Ұлыбритания елшілігі виза алуға өтініштерді қарамайды және виза бермейді. Британия визасын алуға өтініштердің барлығын Ұлыбританияның Иммиграциялық ведомствосы қарайды. Сізге визаның қажет-қажет еместігі және оны алу үшін құжаттарды қалай беру керектігі туралы ақпаратты Ұлыбританияның Иммиграциялық ведомствосының ресми вебсайты арқылы таба аласыз.

Ұлыбританияға кіру үшін виза алуға өтініштердің барлығы Түркия, Стамбулдағы Ұлыбританияның Бас консулдығының Өңірлік виза бөлімінде қаралады. Құжаттарды және биометриканы тапсыру Алматы, Астана және Атыраудағы Виза орталықтарында жүзеге асырылады.

Алматыдағы және Астанадағы Британия виза орталығына құжаттарды тапсырған күннен бастап өтініштерді өңдеудің стандарттық уақыты –Ұлыбританияға бару үшін виза алуға өтініштердің 90 %-ы үшін 15 жұмыс күні, тұрақты тұрғылықты жерге өтініштердің 95%-ы 12 аптада және 100% өтініш – 24 апта ішінде өңделеді. Иммиграциялық ведомствоның және Ұлыбритания елшілігінің қызметкерлері виза сауалнамасын қалай толтыру керектігі немесе Сіздің қандай виза түріне өтініш беруіңіз керектігі жөнінде консультация немесе кеңес бермейді.

Егер Сізге виза алу үшін өтінішті қалай беру керектігі туралы егжей-тегжей ақпарат немесе кез келген басқа ақпарат қажет болса, Ұлыбританияның Иммиграциялық ведомствосының вебсайтына кіріңіз.

Біздің адамдар

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшіcі
Kathy Leach
  • Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары

Бізбен байланысыңыз


Ұлыбритания елшілігі, Астана

Космонавтар к., 62,
БЦ "Ренко" БО, 6-қабат

Астана
010000
Қазақстан

Электрондық пошта
ukinkz@fcdo.gov.uk

Байланысу формасы
https://www.contact-em...

Телефон:
+7 (7172) 556200

Факс
+7 (7172) 556211

Кіру және ашу уақыттары

Әскери бөлім

Космонавтар к., 62,
БЦ "Ренко" БО, 6-қабат

Астана
010000
Қазақстан

Телефон
+7 7172 556 200

Факс
+7 7172 556 225

Кіру және ашу уақыттары

Алматыдағы халықаралық сауда департаменті

-
Алматы
Қазақстан

Кіру және ашу уақыттары

Корпоративтік ақпарат