Саяси құжат

Гомофобияға, трансфобияға және бифобияға қарсы халықаралық күн (IDAHOT)

Гомофобияға, трансфобияға және бифобияға (IDAHOT) қарсы Халықаралық күнді атап өту туралы бірлескен мәлімдеме.

Құжаттар

Joint Statement to Mark the International Day against Homophobia, Transphobia and Biphobia (IDAHOT)

Қолжетімді пішімді сұраңыз.
Егер сіз көмекші технологияны қолдансаңыз (мысалы, экран оқу құралы) және сізге осы құжаттың қолжетімді пішімдегі нұсқасы қажет болса,fcdo.correspondence@fcdo.gov.uk мекенжайына электрондық хат жіберіңіз. Сізге қандай пішім қажет екенін айтыңыз. Қандай көмекші технологияларды қолданатыныңызды айтсаңыз, бұл бізге көмектеседі.

Толық мәліметтер

Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күрес күніне орай жасалған бірлескен мәлімдеме

Астана, 17 мамыр 2016 ж. – Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күрес күніне орай біз Қазақстандағы барлық ЛГТБ қоғамдастығына қолдауымызды және тілектестігімізді білдіреміз.

Кемсітпеушілік қағидасының заңның үстемдігіне және демократиялық қоғамға негіз қалаушы маңызы бар. Кейбір адамдар өздерінің жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестігі үшін әлі күнге дейін ашық және жүйелі түрде кемсітушілік көруде. Біздің үкіметтеріміз сондай кемсітушілікке қарсы күресіп, барлық адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етеді. Әлемдегі бүкіл адамдар, соның ішінде ЛГТБ өкілдері барлық халықтардың өкілдері сияқты тең құқықтар мен бостандықтарға ие болуы тиіс.

Біз ҚР Үкіметіне, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттарға және барлық мүдделі тараптарға олардың кемсітушілікке қарсы күресінде қолдау көрсетуге дайынбыз.

Бірлескен мәлімдемені төмендегі ұйымдар жасады:

  • Ұлыбритания Елшілігі
  • Еуропалық Одақ делегациясы
  • Канада Елшілігі
  • Финляндия Елшілігі
  • Нидерланд Корольдігі Елшілігі
  • Швейцария Елшілігі
  • Норвегия Елшілігі
  • АҚШ Елшілігі
17 May 2016 күні жарияланды