Ұлыбританияның Астанадағы елшілігі
Қазақстандағы Ұлыбританияның елшілігі Қазақстан және Біріккен Корольдік арасында жемісті ынтымақтастықты нығайту үшін жұмыс атқарады, сонымен қатар Қазақстанда британиялық мүдделерді ілгерілетуге ықпал етеді. Біз бұны әріптестік, ынтымақтастық және екі елдің игілігі үшін бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асырамыз.
Біз ортаазиялық өңірдегі стратегиялық әріптесіміз ретінде қарастыратын Қазақстанмен кең диалог құрдық. Бұл аядағы мүдделерге тиісті басқару тәжірибесі, демократияландыру, адам құқығы, инвестициялық климат, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық кіреді. Толығырақ ақпарат – біздің жаңалықтар бетінде.
Біздің қызметтеріміз
Визалар
Ұлыбритания елшілігі виза алуға өтініштерді қарастырмайды және оларды бермейді. Британдық визаға барлық өтініштер Ұлыбританияның Иммиграциялық басқармасы (UK Visas and Immigration) арқылы қарастырылады. Виза қажеттілігі немесе керек құжаттарды Ұлыбританияның Иммиграциялық басқармасы ресми веб-сайтынан таба аласыз. Ұлыбританияға виза алу туралы барлық өтініштер Ұлыбританияда қаралады. Құжаттар мен биометриялық деректерді тапсыру Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы Виза орталықтарында жүзеге асырылады.
Алматы немесе Астана қаласындағы Виза орталығында биометриялық деректерді тапсырған күннен бастап виза өтініштерін қараудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Толығырақ сайттан танысуға болады. Иммиграциялық басқармасы мен Ұлыбритания елшілігінің қызметкерлері виза анкетасын қалай толтыру немесе визаның қай түріне өтініш беру керектігі туралы кеңестер бермейді. Ұлыбритания визасына өтініш беру жолы туралы толық ақпаратты сайттан табуға болады немесе анықтама қызметіне хабарласуға болады.
Біздің адамдар
Sally Axworthy MBE

-
Sean Melbourne
Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары
Бізбен байланысыңыз
Ұлыбритания елшілігі, Астана
Космонавтар к., 62, БЦ "Ренко" БО, 6-қабат
Астана
010000
Қазақстан
Байланысу формасы
https://www.contact.service.csd.fcdo.gov.uk/posts/kazakhstan/british-embassy-astana
-
-