Әлемдегі жаңалықтар оқиғасы

Ұлыбритания үкіметінің беделді стипендиясын алу үшін өтінімдер 2019 жылы 5 қарашаға дейін қабылданады

Chevening стипендиялары бүкіл әлем бойынша көшбасшылық әлеуетке ие мамандарға Ұлыбританияда магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Өтінім берудің соңғы мерзімі-5 қараша 2019 жыл.

London, UK

Chevening (Чивнинг) стипендиясы көшбасшылық әлеуетке ие, бакалавр дәрежесі және өз елінде жұмыс істеу тәжірибесі бар жас мамандарға беріледі. Стипендия Ұлыбританияның кез келген университетінде 1 жылға созылатын оқыту (магистратура) шығындарын жабады. Өтінімді сілтеме бойынша беруге болады.

Майк Гиффорд, Қазақстандағы Ұлыбританияның елшісі:

«Бағдарлама жарияланғаннан бергі 36 жылдың ішінде әртүрлі елдерден 50 000-нан аса көрнекті кәсіби маман оқытылды. Біз әралуан қызмет салаларынан өршіл және көреген үздіктерді іздейміз. Chevening стипендиясының «үлгілік» иегерінің бейнесі бізде жоқ, бірақ олардың барлығын алға қарай қадам жасап, өтінім беру үшін батыл болуы біріктіреді.

Егер сіз Chevening стипендиясын таңдаған болсаңыз, сіз жоғары дәрежелі британиялық білім аласыз, сізге Ұлыбританияның 150 жоғары оқу орнындағы 12 000 магистратура курстарынан таңдау ұсынылады. Сіз сол сияқты Қазақстанда 250-ге жуық адам бар Chevening Alumni түлектерінің жаһандық желісінің бір бөлігіне айналасыз, ал бұл - тәжірибе, байланыс, білім алмасу.

Бұл бағдарлама стипендия иегерлерінің жеке тұлғалық та, сонымен қатар мансаптық та тұрғыдан даму үшін көп мүмкіндіктер береді, сондықтан егер сіз немесе сіздің таныстарыңыздың бірі Chevening стипендиясын иеленгісі келсе, 5 қарашаға дейін өтінім беруді ұсынамын».

Chevening стипендиясын алуға конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші кезеңде бірнеше уәждеме хат (эссе) жазу және сайт арқылы құжаттардың шағын топтамасын ұсыну қажет болады. Конкурстың бірінші кезеңінен сәтті өткен үміткерлер Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің өкілдерімен жеке сұхбаттасуға шақырылады.

Биылғы жылы Chevening стипендиясы бойынша Ұлыбританияға 8 қазақстандық барады. Олардың жетістіктерін сіздер әлеуметтік желілердегі Ұлыбритания елшілігінің беттерінен және Facebook, Twitter және Instagram желілеріндегі #ChosenForChevening хештегі бойынша қадағалай аласыздар.

Қосымша ақпарат

Chevening бағдарламасы 1983 жылы жарияланған және жыл сайын әлемдегі 160 ел студенттеріне Ұлыбританияның кез келген оқу орнында магистр дәрежесін алуға мүмкіндік беретін беделді халықаралық стипендияға айналды. Анағұрлым нақтырақ ақпарат алу үшін және стипендия алуға үміткерлер білуі қажет критерийлермен танысу үшін осы сайтына кіріңіз.

11 September 2019 күні жарияланды